Ақтау қалалық сотында айыптау үкімі шығарылған қылмыстық іс қаралды, онда Б. адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған, зорлық-зомбылықпен ұштаспайтын, елеулі зиян келтіруге алып келген әрекеттерден көрінетін заңсыз қудалау әрекетін жасады деп айыпталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соттың мәліметінше, тамыздан қазанға дейінгі кезеңде сотталушы Б. жәбірленуші Ш.-ға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасаған (оны аңдып, үйіне келіп, пәтер есігін қағып, пәтер үстінде орнатылған бейнекамераның флеш-жинақтаушысын шешіп алып кетіп, интернет желісін ажыратып, сондай-ақ оны WhatsApp қосымшасы арқылы қоңырау шалып, СМС хабарламалар жазу арқылы мазасын алған арқылы қоңыраулар мен хабарламалармен бірнеше рет мазасын алған).
Сотталушы Б. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, кешірім сұрайтынын көрсетіп, оған жеңіл жазаны тағайындауын сұрады. Жәбірленуші Ш. сотталушыны кешірмейтінін айтып, соттан қатаң жаза тағайындауын сұрады.
Соттың үкімімен сотталушы Б. ҚР ҚК 115-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.