Ақмола облысында лауазымды тұлғалар жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырған

Бүгін, 08:30 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ақмола облысы Бұланды ауданында жолдарды жөндеуге арналған бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады Бас прокуратура.

Анықталғандай, 2023 жылы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен мердігер арасында Никольское ауылындағы ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге ұзындығы 5,4 км 167,8 млн теңге сомасына шарт жасалған.

Шарт мерзімі 2024 жылғы желтоқсанда аяқталып, 103 млн теңге бюджеттік қаражат жұмсалған.

"Тексеру нәтижесінде 78 млн теңгеге жұмыстардың орындалмағаны және бұл қаражат жолдарды жөндеуден басқа мақсаттарда жұмсалғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Сол себепті аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысына және мердігер ұйымның басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.