«Бәрін тастағым келген сәттер болды»: Қайрат Түнтеков жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Бүгін, 07:57 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Әнші Қайрат Түнтеков өнерден біржола кете алмағанын айтты. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында басынан өткен қиындықтар мен шығармашылық жолы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің айтуынша, өмірінде қуанышты сәттермен қатар, қиын кезеңдер де аз болмаған. Кей кездері өнерден алыстап, бәрін тастағысы келген сәттер де болған.

Алайда ол әннен біржола қол үзе алмағанын атап өтті. Өйткені сахна мен әншілік өнер оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналған.

«Басымнан талай жағдай өтті. Қуаныш та болды, қиындық та болды. Кейде бәрін тастап, үнсіз қалғым келген сәттер де аз емес. Бірақ өнерден біржола кете алмадым. Өйткені ән — менің өмірімнің бір бөлшегі. Сахна — менің орным. Ал сіздердің қолдауларыңыз маған әрдайым күш береді», – деп жазды Қайрат Түнтеков.