Астанада 16 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Бүгін, 07:19 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астананың Алматы ауданындағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйде өрт болды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері жедел жетті.

Құтқарушылар келген кезде ғимараттың 7-қабатында өрт шығып, қою түтін тарағаны анықталды. Мамандар дереу өрт сөндіру жұмыстарына кірісіп, жалынды толықтай ауыздықтады.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ өрт болған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.