Шетел азаматы Қазақстаннан 500 литр дизель отынын заңсыз әкетпек болды

Бүгін, 17:28 / Інжу Әлихан
Маңғыстау соттары

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабымен шетел азаматы Н.-ге қатысты әкімшілікқұқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот мәліметінше, 20 шілдеде «Тәжен» кеденбекетінде шекаралық бақылау барысында шетелазаматы Н. Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына өту кезінде зауыттық техникалыққұрылымда көзделмеген, сыйымдылығы 500 литр болатын қосымша жанармай багымен дизель отынын заңсыз алып өтпек болған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі өзтүсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылықтуралы хаттамамен және іс материалдарыментолық дәлелденді.

ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабының санкциясынасәйкес, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасыболып табылатын тауар тәркіленіп, 15 айлықесептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұлкөзделген.

Сот қаулысымен Н. ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.