Доллар бағасы 454 теңгеден төмен түсті

Бүгін, 17:18 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге төмендеп, 453,26 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 3 қарашаға белгілеген ресми доллар бағамы – 453,64 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 452,28 теңге, сату бағамы 454,17 теңге. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 450 теңгеден сатып алынып, 457,01 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 452,05 теңге болса, сату бағамы – 454,26 теңге.

Айта кетейік, 27 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,52 теңгеге, 28 қазанда 1,1 теңгеге өскен болатын. Ал 29 қазанда 3,22 теңгеге төмендеп, 30 қазанда 0,27 теңгеге қайта қымбаттады. 2 қарашада доллар бағамы тағы 0,13 теңгеге арзандады.

Тэгтер:

Валюта теңге биржа нарық қор бағам