Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентін құттықтады

Бүгін, 17:03 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз, – делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.