Екібастұзда алкоголь өнімдерін заңсыз сатқандар ұсталды

Бүгін, 12:08 / Алуа Арман
istockphoto.com

Өңірде алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуын бақылау күшейтілді. Түнгі рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер заңда белгіленген уақыт шектеулерін бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, сағат 00:55 шамасында тәртіп сақшылары қаладағы дүкендердің бірінде алкоголь өнімдерінің сатылып жатқанын анықтады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, түнгі уақытта спирттік ішімдіктерді бөлшек саудада сатуға тыйым салынғанына қарамастан, сауда нысанында заңсыз сату фактісі тіркелді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның нәтижесі бойынша сауда нысанының иелеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Екібастұз қалалық полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Медет Бейсенов кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін сату кезінде заң талаптарын қатаң сақтаудың маңызын еске салды.

- Белгіленген уақыт шектеулерін бұзудың кез келген дерегі заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, жыл басынан бері алкоголь өнімдерінің айналымы саласындағы заңнама талаптарын бұзудың 53 дерегі анықталып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде алкоголь өнімдерін заңда белгіленбеген уақытта сату бойынша 23 деректің жолы кесілген.

Тэгтер:

Екібастұз алкоголь