Еліміздің ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева өмірден өтті

Бүгін, 11:51 / Інжу Әлихан
Фото: Жаңаарқа ауданы əкімдігі

Еліміздің ең қарт тұрғыны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылының тұрғыны Түймегүл Темірбаева 116 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаралы хабарды Жаңаарқа ауданы əкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Түймегүл Темірбаеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Ғасырдан астам ғұмыр кешіп, талай тарихи кезеңнің куәсі болған Түймегүл әжеміздің жарқын бейнесі оны таныған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Марқұмның иманы саламат, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын! Артында қалған ұрпағына сабыр мен күш-қуат тілейміз», – делінген жазбада.

Тэгтер:

Ұлытау облысы қарт тұрғын