Есірткі контрабандасымен айналысқан шетел азаматы сотталды

Бүгін, 11:55 / Алуа Арман
istockphoto.com

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған Иран азаматы есірткі контрабандасы, сондай-ақ оларды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотпен анықталғаны, 2026 жылғы мамырда сотталған азамат «Горган – Ақтау» бағыты бойынша әуе рейсімен ұшып келіп, жалпы салмағы 1 келіден асатын апиын салынған 113 капсуланы жұтып асқазанда тасымалдаған, бұл Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен анықталып, тәркіленді.

Мемлекеттік айыптауды облыс прокуратурасы қолдады.

Үкім заңды күшіне енді.

Облыс прокуратурасы ескертеді: есірткінің заңсыз айналымы 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырумен байланысты қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Тэгтер:

Есірткі Маңғыстау шетел азаматы контрабанда