Қостанайда 86 жастағы қарияны пышақтап кеткен

Бүгін, 11:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде аса қатыгез қылмыс туралы ақпарат тарады. Сонымен қатар желіде екінші жәбірленушінің де бар екені, оның жансақтау бөлімінде жатқаны туралы мәлімдемелер жазылған видео жарияланды. Алайда полиция тағы бір адамның шабуылға ұшырағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 30 қазанда болған. 1940 жылы туған зейнеткер Құбеев көшесіндегі үйінің ауласына серуендеуге шыққан. Тараған ақпаратқа сәйкес, белгісіз біреулер ер адамның тамағын кесіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Кейін әлеуметтік желілерде авторлары тағы бір адамның зардап шеккенін және оның жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеген видео тарады. Алайда бұл ақпарат расталмады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, дәлелдерді жинап, бекітуге, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар адамның жеке басын анықтап, оны ұстауға бағытталған тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеуге қажетті күштер мен ресурстар жұмылдырылды. Екінші адамға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Күдіктіні анықтау және ұстау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер әзірге жария етілмейді.

Тэгтер:

Қостанай қария пышақтау