Бүгін қай қалада ауа сапасы нашардайды

Бүгін, 06:49 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

3 қарашада Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.