Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды

2 қараша, 2026 / Жамбыл Жайлау
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. Ол финалда португалиялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2 қарашада өткен шешуші белдесуде 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Фатима Сұпығалиева Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.

Қазақстандық спортшы финалдық белдесуді сенімді өткізіп, қарсыласын иппон әдісімен жеңді. Алтын медаль тағдыры небәрі 2 минут 33 секундта шешілді.

Қазақстандық дзюдошы Олимпиададағы алғашқы белдесуінде Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны иппон әдісімен жеңген болатын. Ал жартылай финалда Словакия спортшысы Вивьен Вадовицовамен кездесіп, оны да мерзімінен бұрын ұтты. Шешуші белдесуде португалиялық София Гаспарды жеңген Сұпығалиева Олимпиада алтынын иеленді.

Тэгтер:

Фатима Сұпығалиева