Қазақстан бокс федерациясында кадрлық өзгеріс болды. Ұйымның жаңа спорт директоры қызметіне Мырза Еркенбек тағайындалды. Бұған дейін ол федерацияның бас хатшысының кеңесшісі қызметін атқарған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жаңа қызметінде Мырза Еркенбек ұлттық және жастар құрамаларының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға, спортшылардың халықаралық жарыстарға дайындығын бақылауға және бапкерлер штабымен жұмысты үйлестіруге жауапты болады.
Сондай-ақ ол федерацияның спорттық стратегиясын жүзеге асыруға атсалысады.
Федерацияның мәліметінше, жаңа басшының негізгі міндеті – қазақстандық боксшылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
"Жаңа қызметінде ол ұлттық және жастар құрамаларының жаттығу процестерін ұйымдастыру мен үйлестіруге, халықаралық жарыстарға дайындықты бақылауға, бапкерлер штабымен жұмысты үйлестіруге және федерацияның спорттық стратегиясын іске асыруға жауап береді", – делінген федерация хабарламасында.