Өскеменде Mitsubishi көлігі бұрылыста бағанаға соғылды

Бүгін, 20:31 / Жамбыл Жайлау
youtube.com/@1720_yk

Өскеменде Mitsubishi Lancer автокөлігі жолдан шығып кетіп, бағанаға соғылды. Жол-көлік оқиғасы 2 қараша күні таңертең Назарбаев даңғылында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан жеңіл автокөліктің жол жиегіндегі бағанаға соғылғанын көруге болады. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты түсініктеме берді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Mitsubishi Lancer жүргізушісі бұрылыс кезінде көлікті басқара алмай қалған.

"Mitsubishi Lancer жүргізушісі бұрылыс кезінде көлік тізгініне ие бола алмаған. Оқиға салдарынан материалдық залал келтірілген жоқ", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Тэгтер:

көлік Өскемен