Доллар бағасы қайта арзандады

Бүгін, 17:32 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 453,64 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,13 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 2 қарашаға белгілеген ресми доллар бағамы 453,87 теңгеге тең.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 452,42 теңге, сату бағамы 454,47 теңге. Астана қаласында доллар орта есеппен 450,98 теңгеден сатып алынып, 457,98 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 452,22 теңге, сату бағамы 455,22 теңге.

Еске салайық, 12 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,65 теңгеге төмендеді. 13 қазанда 2,68 теңгеге арзандаса, 14 қазанда 2,14 теңгеге қымбаттады. 15 қазанда 2,93 теңгеге өсіп, 16 қазанда 1,79 теңгеге төмендеді. 19 қазанда 0,08 теңгеге қымбаттап, 20 қазанда 1,79 теңгеге арзандады. 21 қазанда 1,91 теңгеге, 22 қазанда 0,36 теңгеге төмендеді. 23 қазанда 2,96 теңгеге қымбаттады.

Ал 27 қазанда доллар бағамы 3,52 теңгеге, 28 қазанда 1,1 теңгеге өсті. 29 қазанда 3,22 теңгеге арзандап, 30 қазанда 0,27 теңгеге қымбаттады.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам