Алматыда баласын емдетуге келген отбасыны қорқытқан ер адам қамалды

Бүгін, 15:44 / Інжу Әлихан
Алматы ПД

Баласын емдету үшін Алматыға келген отбасыға пәтерін ұсынып, кейін қорқытқан ер адам 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отбасы Павлодар қаласынан келіп, пәтер жалдаған. Алайда баспана уәде етілген талаптарға сай болмаған.

Олар теріс пікір қалдырғаннан кейін, ер адам хабарласып, пікірді өшіруді талап еткен. Артынан әңгіме балағаттау мен қорқытуға ұласқан.

31 жастағы ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.