Петропавлда қоғамдық автобуста әйелге тиіскен шетел азаматы заң алдында жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
СҚО полиция департаментінің мәліметінше, Қырғыз Республикасының 34 жастағы азаматының әдепсіз әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тараған.
"№4А бағытындағы автобуста шетелдік 41 жастағы әйелге тиісіп, бөксесінен сипаған. Сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады", – деп хабарлады полиция.
Алайда оның жауапкершілігі мұнымен шектелген жоқ. Көші-қон қызметінің қызметкерлері Петропавл қаласының №2 сотына шетелдікті Қазақстан аумағынан шығару туралы өтінішхат жолдаған.
Сот істің мән-жайын қарастырып, өтінішті қанағаттандырды. Енді оған алдағы бес жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынды.