Актер Бекжан Тұрыстың ұлы үйленді (ВИДЕО)

Бүгін, 10:54 / Інжу Әлихан

Белгілі актер Бекжан Тұрыстың ұлы Мағжан Асаубай шаңырақ көтерді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бекжан, той құтты болсын! Мағжан үйленді, жастар бақытты болсын!» – деді ол.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан екі жасты театр әртістерінің «Жар-жар» әнімен алып шыққанын көруге болады. Сондай-ақ тойға өнер жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері қатысқан.

Айта кетейік, Мағжан қазір Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында қызмет етеді.

Желіде көпшілік Мағжанның бала кезін еске алып, оның ержетіп, отбасын құрғанына жылы лебіздерін білдірді.

«Бұрын «Ұят болмасын» бағдарламасынан көретін едік. Ол кезде кішкентай бала еді», «Үлкен жігіт болып, отбасы құрыпты. Бақытты болсын», «Бағың бес елі болсын, бақытты болыңдар», «Ооо, күшті жаңалық. Жастар бақытты болсын!», «Кішкентай Мағжан қандай сымбатты жігіт болған?!» – деп жазды желі қолданушылары.

.