Триатлоншы Егор Крупяков Азия кубогінде күміс жүлде жеңіп алды

Бүгін, 10:09 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық триатлоншы Егор Крупяков Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз ерлер арасындағы жарыста қашықтықты 1 сағат 55 минутта бағындырып, мәреге екінші болып жетті.

Жарыс жеңімпазы ресейлік Павел Сорокин атанды. Ол 1 сағат 54 минут 6 секунд нәтижесімен мәреге жетті. Қытай өкілі Любо Чжан (1:55:01) үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандық Арлан Жаңабай 12-орынға, ал Дарын Қонысбаев 13-орынға тұрақтады.

Тэгтер:

күміс жүлде Азия кубогі триатлон Егор Крупяков