Ақмола облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Бүгін, 09:44 / Інжу Әлихан
Скриншот

Астана – Петропавл автожолында қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Екеуі оқиға орнында көз жұмды, ал біреуі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі shchuchinsk_life2 парақшасында жарияланды. Кадрлардан жолда зақымданған көліктердің тұрғанын көруге болады, біреуі аударылып кеткен.

Жол апаты 1 қарашада болған. Соталды тергеу аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.