Қазақстан жағажай волейболынан жасөспірімдер Олимпиадасының 1/8 финалына шықты

1 қараша, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық жағажай волейболшылары Оразалы Сағыныш пен Әлихан Ағабек Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының топтық кезеңінен сәтті өтті.

Қазақстандық жұп С тобындағы ойындарды екінші орынмен аяқтады.

Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде отандастарымыз Аустралия өкілдері Райан Эдгар және Томас Тёрнермен кездесті. Бұл ойында қазақстандықтар 0:2 (15:21, 16:21) есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топта екінші орын алып, Олимпиада ойындарының плей-офф кезеңіне шықты.

Жасөспірімдер Олимпиадасының 1/8 финалындағы қарсыластары кейінірек белгілі болады.