Алматыда жүк көліктерін жаппай тоқтатуға шақырған тұрғын ұсталды

Бүгін, 15:12 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҰОК

Алматыда ауыр жүк көліктерін жаппай тоқтатуға шақырған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қаласының полицейлері жүргізушілерді салмақтық шектеулерге қарсы наразылық акциясына шығуға шақырған бейнеүндеу авторын анықтаған.

"Бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған. Онда ер адам 1 қараша күні жүк көліктерін жаппай әрі ұйымдасқан түрде тоқтатуға шақырған. Бейнеүндеудің авторы 41 жастағы Асылжан Баймұханов болып шықты. Ол рұқсат етілмеген жаппай іс-шараны ұйымдастыруға шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.