«Тастап кетуге қимайсың»: Төреғали Төреәлі ер адамның сезімі мен әйелдің қадірі туралы жазды

Бүгін, 14:13 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында әйел мен ер адамның қарым-қатынасы, сезімі туралы ой бөлісті. Өнер иесінің жазбалары желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші ер адамның көпшілікке ұнауы мен бір әйелдің жүрегінен орын алуы екі түрлі мәртебе екенін атап өткен.

«Еркек көп әйелге ұнауы мүмкін, бірақ бір әйелдің жүрегінен орын алуы – басқа мәртебе», – деп жазды Төреғали Төреәлі.

Сондай-ақ өнер иесі тағы бір жазбасында әйелді ақшаға толы чемоданға теңеген.

«Әйел деген – ақшаға толы чемодан сияқты: ұстап жүрейін десең, ауыр, тастап кетейін десең, қимайсың», – деген әнші.