Әлем чемпионаты: Асыл Айтақын қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңілді

Бүгін, 11:52 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҰОК

Қазақстандық еркін күрес шебері Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде АҚШ балуаны Маркус Гленн Блейзбен кездесті.

Тартысты белдесуде америкалық балуан басым түсіп, жеңіске жетті. Осылайша, Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.