Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 10:27 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. 

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунды Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі.