БҚО-да мектеп оқушылары төбелесіп, ата-аналарына айыппұл салынды

Бүгін, 10:38 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Төбелес кезінде қыздар бір-бірінің шашынан тартып, соққы жасаған. Салдарынан қоғамдық тәртіп бұзылып, айналадағы азаматтардың тыныштығына нұқсан келген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот отырысында жасөспірімдер іс материалдарымен ішінара келісіп, жанжалды басқа сыныптың қыздары бірінші бастағанын айтқан. Ал олардың заңды өкілдері оқиға туралы қыздары мен мұғалімдерден естігенін растады.

Сот куәгерлердің жауаптарын, полиция қызметкерлерінің баянаттарын және өзге де іс материалдарын зерделеп, жасөспірімдердің кінәсі дәлелденген деген қорытындыға келген.

«Жасөспірім қыздар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, олардың заңды өкілдеріне жалпы сомасы 43 250 теңге айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.