Түркістанда дәмхана мұржасынан өрт шықты

31 қазан, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Түркістан қаласы 32-көшеде көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмхананың мұржасынан өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ дерегінше, өрт ошағы дәмхананың асүй бөлмесінде болған.

"Нысанның орналасуына байланысты өрттің басқа бөлмелерге және тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарына таралу қаупі болды.

ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Өрт толық сөндірілді", - делінген ведомство хабарламасында.