Қостанайдағы 5 жасар баланың өліміне қатысты жаңа ақпар шықты

Бүгін, 16:26 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қостанай облысында бес жасар баланы ұрып өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды. Басы мен денесінің сау тамтығы қалмаған бүлдіршін ауыр жарақаттан қаза болған. Бала өгей анасымен және анасымен бірге тұрған, деп хабарлайды turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Жантүршігерлік жағдай Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын ауылында болған. Онда ойын баласына озбырлық көрсетті деген күдікпен ер адам ұсталып, қамауға алынды.

Қазір полиция өкілдері тергеу құпиялығына сай өзге ақпаратты жарияламай отыр. Ал бала құқықтары жөніндегі өңір уәкілі бес жасар бала бұған дейін балабақшаға барып жүргенін айтады.

Алайда оның анасы ана құқынан айырылғандықтан, әжесінің тәрбиесінде болған екен.

"Сот шешімі арқылы әкесі Қосмұрынға алып кеткен. Бұрын балабақшаға барып жүрген бала. Көпбалалы отбасы.  Оның басқа да балалары бар. Жаңа отбасын құрғандықтан, өгей анасымен және өз әкесімен тұрып жатқан.  Қылмыстық іс қозғалды. Басқа мән-жайы әлі анықталып жатыр", - деді Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңір уәкілі Несібелі Бәсенова.