ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Биыл қазан айында мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген шаралар нәтижесінде 126 құқық бұзушы мен 44 шағын көлемді кеме ұсталды.
"Сондай-ақ 11,5 келі есірткі мен 88 шақырым браконьерлік құрал-жабдық тәркіленді. Браконьерлік торлардан табылған 2 337 бекіре мен өзге де балық түрі табиғи мекендеу ортасына жіберілді", - деп жазылған ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында.
Құқық бұзушыларға 4,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Ал мемлекетке келтірілуі мүмкін 840 миллион теңгеден астам залалдың алдын алды.