Президент Марокко мен Кубаға жаңа елшілер тағайындады

Бүгін, 12:00 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Марокко Корольдігі мен Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президенттің жарлығына сәйкес, Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне кірісті.

Ал Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстанның Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Сонымен қатар Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстанның Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.