Астана мен Алматыда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр?

Бүгін, 11:24 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро, рубль және юань бағамы белгілі болды. Валюта бағамдары екі қалада әртүрлі қалыптасқан, деп хабарлайды Kurs.kz мәліметіне сілтеме жасаған ақпарат көздері.

Елордадағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449,94 теңгеден сатып алынып, 456,94 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 501,99 теңге, сату бағамы – 511,99 теңге.

Ал рубль 5,36 теңгеден сатып алынып, 5,56 теңгеден сатылуда. Юаньның бағамы 68,13–71,76 теңге аралығында.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 452,32 теңгеден сатып алынып, 454,50 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 504,07 теңге, сату бағамы – 508,50 теңге.

Рубль 5,36–5,47 теңге аралығында саудаланса, юаньның бағамы 67,90–70,31 теңгені құрады.