31 қазанға қараған түнде Атырау қаласы Дамба ауылынан шамамен 6 шақырым қашықтықта, Орал өзенінің жағалауында қамыс өртенді, деп хабарлады ТЖМ.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде өрт ошағының көлікпен жетуге қиын аумақта орналасқаны және арнайы өрт сөндіру техникасына арналған кіреберіс жолдардың жоқтығы анықталған.
"Өрт орнына жеке құрамды жеткізу үшін жүзу құралдары пайдаланылды. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастырып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.
Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт 1 гектар аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.