Қазақстандық балуан әлем чемпионатында күтпеген нәтижеге тап болды

Бүгін, 21:34 / Жамбыл Жайлау
Сали Сабиров

Астанада өтіп жатқан күрестен 2026 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық балуан Алтын Шагаева қола медаль үшін белдесуде жеңіліске ұшырады. 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жарысты бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде Алтын Шагаева Моңғолия өкілі Болортуя Хурэлхуумен кездесті. Алайда қазақстандық спортшы қарсыласына төтеп бере алмады. Моңғолиялық балуан бірінші кезеңнің өзінде басымдық танытып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Алтын Шагаева әлем чемпионатының қола жүлдесін иелену мүмкіндігін пайдалана алмады.

Қазақстандық балуан әлем біріншілігін сәтті бастаған болатын. Алғашқы кездесуінде ол Түркия өкілі Бедиха Гюнді 3:1 есебімен жеңді. Одан кейін ширек финалда Польшадан келген Йовита Вжесеньмен белдесіп, 5:1 есебімен басым түсті.

Осы нәтижелердің арқасында Шағаева жартылай финалға жолдама алған. Алайда финалға шығу үшін өткен белдесуде Үндістан өкілі Манишадан жеңілді. Соған қарамастан, отандасымыз қола медаль үшін күресу мүмкіндігін сақтап қалған еді. Бірақ шешуші кездесуде моңғолиялық спортшы басым түсті.

Тэгтер:

әлем чемпионаты күрес Алтын шагаева