Қазақстанда орман алқаптарын қалпына келтіру және орман қорын ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осы мақсатта ашық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың 3 миллион көшетін отырғызу жоспарлануда.
Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-мен жасалған келісімшарт аясында 300 млн теңге көлеміндегі қаржылық қолдаумен жүзеге асырылуда.
Бастаманың негізгі мақсаты – орман қорын қалпына келтіру, орман алқаптарының ауданын ұлғайту және табиғи экожүйелерді сақтау.
Қарағай көшеттерін отырғызу – болашақ орманды қалыптастыруға, биоалуантүрлілікті сақтауға және экологиялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.