Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитінде Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенцияны қабылдауды жеделдету қажеттігін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«13-ші Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзімде биыл Түркістанда өткен басқосуда Түркі өркениеті орталығын және дала өркениетін дәріптейтін "Мәңгілік Ел" орталығын құруды ұсынғанымды атап өттім. Қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенцияны тезірек қабылдау қажет деп санаймын», – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісінде.