Жастарды қолдасақ, ел өркендейді – Ақерке Искандерова

Бүгін, 15:45 / Інжу Әлихан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан хал­қына Жолдауы еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындап, экономикалық өсім мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған маңызды міндеттерді белгіледі.

Менің ойымша, Жолдаудың негізгі ерекшелігі – елдің болашағын нақты істермен, жүйелі реформалармен және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шешімдермен бай­ла­ныс­тыруында. Әсіресе, Мемлекет басшысының келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау бастамасы ерекше маңызға ие. Бұл – еліміздің барлық өңірін қамтып, әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған ауқымды қадам.

Президент атап өткендей, халықтың тұрмыс сапасы ең алдымен күнделікті өмірге қажетті инфрақұрылымның қол­жетімділігімен өлшенеді. Жолдар мен көлік қатынасы, заманауи мектептер мен ауруханалар, спорт кешендері, кітап­ханалар, шығармашылық және ғылыми орталықтар – мұның барлығы азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан құрылыс жұмыстарының барлық өңірді, оның ішінде ауылдар мен шағын елді мекендерді қамтуы маңыз­ды.

Бұл бастаманың жастар үшін де мәні зор. Өйткені жастардың болашағы сапалы білім алу, кәсіби дамуға мүмкіндік табу, спортпен және шығармашылықпен айналысу, заманауи ортада өмір сүру мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Әр­бір жас азаматтың тұр­ғылықты жеріне қарамастан, өз қабілетін дамытуға және әлеуе­тін жүзеге асыруға мүмкіндігі болуы керек.

Сонымен қатар ауқымды құрылыс жұмыстары жаңа жұмыс орын­дарының ашылуына, кәсіпкерліктің дамуына және жас­тардың еңбек нарығына кеңінен араласуына жол ашады. Құрылыс, инже­нерия, сәулет, цифрлық технологиялар және бас­қа да салаларда білік­ті мамандарға сұраныс артуы мүмкін. Осы мүмкіндікті тиімді пай­далану үшін жастардың кәсіби даяр­лығына, техникалық және цифр­лық дағдыларын дамытуға ерекше назар аудару қажет.

Жолдаудағы тағы бір маңызды бағыт – цифрландыру мен жа­сан­ды интеллектіні дамыту. Бүгінде технологиялық өзгерістер еңбек нарығын да, экономиканың құрылымын да жаңартып келеді. Сон­дықтан жастар тек жаңа технологияларды пайдаланушы емес, олар­­ды меңгеріп, жаңа идеялар мен отандық өнімдерді қалып­тас­тыратын белсенді күшке айналуы тиіс. Білімге инвестиция салу, жаңа дағдыларды игеру және өзгерістерге бейімделу – жас ұрпақтың бә­секеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлар.

Өзімнің жастармен жұмыс істеу тәжірибемнен байқағаным, жас азаматтарға нақты мүмкіндік берілсе, олар қоғамға пайдалы баста­маларды жүзеге асыруға, жауапкершілік алуға және ел дамуына үлес қосуға бар күш-жігерін арнайды. Сон­­­­­дықтан жастар саясатының басты мақсаты – жастардың әлеуетін ашып қана қоймай, олардың білімін, белсенділігін және бастамашылдығын ел игілігіне пайдалану болу керек.

Жастар да өз кезегінде заман талабына сай білім алып, адал еңбек етіп, қоғамдық өмірге белсенді араласуы қажет. Мем­лекет қалып­тастыратын мүмкіндіктер мен жас ұрпақтың жауапкершілігі өзара ұштасқанда ғана тұрақты нәтиже бола­ды.

Жалпы, бұл Жолдаудың негізгі мәні – болашақ ұрпаққа тек эко­номикалық көрсеткіштері жоғары елді емес, өмір сүруге қолай­лы, инфрақұрылымы дамыған, білім мен ғылымға негізделген, мүм­кіндіктері тең Қазақстанды қалдыру. Ал осын­дай елді қалып­тастыруда жастар тек болашақтың иесі емес, бүгінгі өзгерістердің де белсенді қатысушысы болуы тиіс.

Ақерке ИСКАНДЕРОВА, 
Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі