Жаңалықтар

FIBA хиджаппен ойнауға рұқсат берді

ашық дереккөзі

FIBA хиджаппен ойнауға рұқсат берді

Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) спортшы қыздарға ислам бас киімі – хиджаб киюге рұқсат берді. Шемімді FIBA конгресі қабылдады – ереже 1 қазанда күшіне енеді. Спортшы қыздарға бет-әлпетін жаппайтын, ойын кезінде жарақаттамайтын бас киімдер киюге рұқсат берілді. Жаңа ереже бойынша, команда мүшелерінің барлығы бір түсті бас киім таңдауы керек, хиджаб қара, ақ немесе спортшылар формасы түстес болуы мүмкін. Баскетболшы қыздарға хиджаб киюге 2014 жылы қыркүйекте тыйым салынды, сол себепті Катар құрамасы Азия ойындарына қатысудан бас тартты.