Алматыдағы мешіттердің бірінде ер адам Samsung маркалы смартфонды ұрлап кеткен. Ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиғадан кейін Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстады.
Бейнебақылау камерасындағы жазба оқиғаның мән-жайын растаған. Ұсталған ер адам кінәсін мойындаған.
Тексеру барысында күдіктінің бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.