Binance криптобиржасы 2,5 млрд доллар активін бұғаттады

Бүгін, 09:20 / Алуа Арман
istockphoto.com

Binance криптобиржасы оқиғаны тергеу кезінде активтердің ұрлануына жол бермеу мақсатында 2,5 миллиард доллардан астам сомадағы цифрлық активтерді бұғаттаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Binance шынымен де хакерлік шабуылға ұшыраған сияқты, — деп мәлімдеді компанияның бұрынғы басшысы әрі әлі күнге дейін оның ең ірі акционері болып отырған Чанпэн Чжао.

Сондай-ақ компания бұғатталған қаражат көлемі әлі де ұлғаюы мүмкін екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Binance құқық қорғау органдарымен және серіктестерімен бірлесіп, ұрланған активтерді іздестіру және оларды бұғаттау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Чжаоның айтуынша, тағы екі криптовалюта платформасы — Tether және Circle де ұрланған активтердің шамамен 1,7 миллиард долларын бұғаттаған.

Circle компаниясының басшысы Джереми Аллейр Binance биржасына әсер еткен болуы мүмкін осалдық туралы ақпаратты компания мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиғаға қатысы бар 800 миллион доллардан астам актив бұғатталған.

Binance – тәуліктік сауда көлемі бойынша әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасы.

Бұған дейін халықаралық Kraken криптоплатформасының Қазақстанның цифрлық активтер нарығына шығатыны хабарланған болатын.

Тэгтер:

актив биржа нарық қор криптобиржа бұғаттау