ҰҚК Жаңаөзеннің бұрынғы әкіміне қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Бүгін, 17:25 / Алуа Арман

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жансейіт Қайнарбаевқа қатысты тергеу басталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайнарбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат Kozachkov offside Telegram-арнасында жарияланды. Жарияланымда қылмыстық іс адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатқаны айтылған.

Tengrinews.kz мәліметінше, ведомство сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растағанымен, істің егжей-тегжейін жариялаудан бас тартты.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады ҰҚК.

Жансейіт Қайнарбаев туралы не белгілі?

Жансейт Қайнарбаев 1984 жылғы 20 мамырда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құланды ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Тау-кен инженері» және «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы жеке секторда бастаған. 2012 жылға дейін әртүрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде шебер, бас механиктің орынбасары және директор қызметтерін атқарған.

2012-2014 жылдары Жаңаөзен қаласындағы «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бөлім басшысы болған.

Тэгтер:

Шенеунік Бұрынғы әкім тергеу экс әкім Жансейіт Қайнарбаев