«Қазгидромет» РМК 30 қазан күні Қазақстанның бірнеше облысында жаңбыр, қар, тұман, үсік және қатты желге байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Абай облысы
Абай облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы
30 қазанға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні солтүстікте, шығыста және оңтүстікте секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысы
30 қазанға қараған түні және таңертең Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Жетісу облысы
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні Алакөл көлдері ауданында секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыс бойынша 4-9 градус үсік жүреді.
Облыстың шығысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде, ал оңтүстігі мен батысында жоғары деңгейде сақталады.
Талдықорғанда 7-9 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Облыстың батысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Қарағанды қаласында да тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Облыстың батысы мен орталығында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Жезқазған қаласында да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Таулы аудандарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік жүреді.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Атырау облысы
Атырау облысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
30 қазанда Атырау қаласында да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.