Жамбыл облысында алимент төлеуден қасақана жалтарған азаматтың берешегі 4 миллионнан асқан

Бүгін, 15:07 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл ауданыны 30 жастағы азаматтың қаржылық мүмкіндігі бола тұра, ол үш жыл бойы өз табысын жасырып, алимент төлеуден қасақана жалтарған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нәтижесінде кәмелетке толмаған екі баласына төленбеген алимент бойынша берешек сомасы 4,1 млн теңгені құраған.

Биыл қыркүйек айында аудан прокуратурасының бастамасымен полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 139-бабы, яғни балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында борышкер алимент бойынша берешегін ішінара өтеді.

Сонымен қатар тараптар арасында медиациялық келісім жасалып, соған сәйкес азамат алдағы уақытта алиментті уақтылы және толық көлемде төлеуге міндеттелді.

2026 жылғы 19 қазанда тараптардың татуласуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Осылайша, прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған балалардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, сот шешімінің орындалуы қамтамасыз етілді.

Аудан прокуратурасының кәмлетке толмағандардың құықтарын қорғау бағытында жұмыстары жалғасуда.

Тэгтер:

алимент Бала әке Жамбыл облысы Жамбыл ауданы борышкер