Ақтаулық оқушылар халықаралық ЖИ олимпиадасының жүлдегері атанды

Бүгін, 14:28 / Інжу Әлихан

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Алматыда өткен жасанды интеллект саласындағы FAIO 2026 халықаралық олимпиадасында жүлделі III орынға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған білім сайысында мектеп намысын қорғаған Иса Әбілмансұр, Еділ Наурызбек және Бекнұр Сапи өздерінің білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Оқушылардың олимпиадаға дайындығына жетекшілік еткен – Қазыбек Қалиев.

Әлемнің 28-ден астам елінен қатысушылар жиналған халықаралық олимпиадада зияткерлер ғылыми-техникалық бағыттағы әлеуетін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Тэгтер:

оқушы Олимпиада жасанды интеллект Ақтау