Астанада есірткі сақтады және таратты деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды

Бүгін, 11:14 / Алуа Арман
polisia.kz

Елордада тыйым салынған заттарды сақтады және таратты деген күдікпен шетел азаматтары ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитетімен бірлесіп, қала прокуратурасының үйлестіруімен тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау және таратты деген күдікпен 21 және 37 жастағы екі шетел азаматын анықтап, ұстады.

Тексеру барысында күдіктілер мінген Changan автокөлігінің салонынан чемодан табылды. Оның ішінен есірткі затына ұқсас зат салынған үш пакет, сондай-ақ сұйық консистенциядағы заты бар, капсулаларға бөлініп салынған заттар анықталды. Аталған заттардың да есірткіге жататыны көрсетілген.

Бұдан бөлек, ұсталғандардың бірінің сөмкесінен де осыған ұқсас заттар табылды. Барлығы бір келіден астам зат тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Елорда аумағында есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың таралуына жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Тэгтер:

Есірткі шетел азаматы