Үкімет басшысы министрліктерге инфляцияны төмендету жөнінде тапсырма берді

Бүгін, 11:08 / Інжу Әлихан
Үкімет

Үкімет отырысы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстанның жаңа тарихи циклдегі өзекті міндеттері" Жолдауын іске асыру бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инвестициялық ахуалды жақсарту және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр:

«Инфляцияны тежеу және одан әрі төмендету бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұған мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін барлық мемлекеттік органдардың жан-жақты ойластырылған іс-қимылын қамтамасыз ету керек».

осы жылдың 20 қарашасына дейін инфляцияны төмендету және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған салық-бюджет және ақша-кредит саясатын үйлестіру жұмыстарын күшейту шараларын әзірлеу қажет;

Әкімдіктер азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігіне апта сайын мониторинг жүргізіп, Сауда министрлігіне тиісті ақпарат беріп тұрсын. Сауда министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленетін шекті сауда үстемелерінің сақталуын бақылауды күшейтсін, сондай-ақ бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдасын.

Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері екі апта мерзімде қысқы кезеңге арналған азық-түлік тауарларының жеткілікті қорын қалыптастырсын. Сондай-ақ тұрақтандыру қорларының жұмысын жандандырып, азық-түлік тауарларын тікелей жеткізу көлемін кеңейтсін.