Ақтөбе облысында 1,2 млрд теңгеден астам салық төленбеген

Бүгін, 09:43 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбе облысының табиғатты қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірген жер қойнауын пайдалану саласындағы салық заңнамасының бұзушылықтын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2022–2025 жылдар кезеңінде 127 келісімшарт шеңберінде жер қойнауы учаскелерін пайдалану бойынша салық міндеттемелері толық көлемде орындалмағаны анықталды.

Бүгінгі күні прокурорлық ден қою шаралары бойынша 600 миллионнан астам теңге өтелді. Сонымен қатар, 29 компания жалпы сомасы 250 миллион теңгеге қосымша салық декларациясын өз еркімен тапсырды.

Қазіргі уақытта қалған салық міндеттемелерінің толық орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін салық қызметінің үш қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Тэгтер:

Ақтөбе облысы салық