Дариға Бадықованың экс-күйеуі Актер Дархан Мұсаев екінші рет үйленгенін айтып, сүйінші сұрады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын оқырмандарымен бөлісіп, бүгін некеге отырғанын жеткізді.
«Достар, мен сіздермен жаңалығыммен бөліссем деп отырмын. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Бүгін біз некеге отырдық. Құттықтап қойсаңыздар болады. Сүйінші! Барлықтарыңызға Алла жар болсын», – деді Дархан Мұсаев.
Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың шаңырақ көтергенін жазған болатынбыз.