Павлодар облысында әжетханаға кірген әйел күтпеген жағдайға тап болды (ВИДЕО)

Бүгін, 07:01 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Павлодар облысының Атамекен ауылында сырттағы әжетхана топыраққа опырылып, ішіндегі әйел қамалып қалды, деп хабарлайды ТЖМ.

Оқиға туралы хабарлама "112" пультіне түскен. Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері конструкцияның одан әрі опырылуына жол бермеу үшін оны ұстап тұрып, есігін бөлшектеген. Осылайша, әйелді сыртқа алып шықты.

Құтқарылған әйел медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.