Түркістан облысында желіде балағат сөз айтқан стример жауапқа тартылды

Бүгін, 16:14 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде айтылған балағат сөздерді анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру нәтижесінде эфирге қатысқан азаматтың жеке басы анықталды. Ол Сарыағаш қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жинақталған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен құқық бұзушыға айыппұл салынды.

Полиция ескертеді: әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерде де қоғамдық тәртіп пен қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажет. Әдепсіз сөздер мен өзге де құқыққа қайшы әрекеттер үшін заң аясында жауапкершілік көзделген.